Макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында макроэкономикалық саясаттың 2021-2023 жылдарға арналған шараларын үйлестіру жөніндегі келісім талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келісім Үкімет, ҚР Ұлттық банкі және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасында жасалмақ.

«Ақша-несие, салық-бюджет және құрылымдық саясаттарды, сондай-ақ қаржы секторын дамыту саясатын үйлестіру керек. Осыған байланысты, Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету үшін 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім әзірленді. Келісімде тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізу, экономиканы қолдау, сондай-ақ сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларына бейімдеу жөніндегі тараптардың бірлескен қызметінің қағидалары мен негізгі бағыттары белгіленген», - деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша Үкімет экономиканың тұрақты және теңдестірілген өсуін қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты іске асыру кезінде жұмыстың мынадай басым бағыттарына бағдарланатын болады.

«Бірінші кезекте, төмен инфляция, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ете отырып, іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін контрциклдік макроэкономикалық саясат іске асырылады. Жаңа экономикалық шынайы уақыт кезеңінде экономиканың сапалы және тұрақты дамуы үшін жағдай жасайтын жаңа институционалдық тірек қалыптастырылады. Қосылған құнның жобалау, өндіру және тауарды сатуға дейінгі барлық кезеңі, өңірлік және жаһандық тізбектеріне кірістіріп, бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға негізделе отыра, экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданады. Экономиканы әртараптандыру агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашу, тиімді кәсіпорындардың дамуын ынталандыру үшін бизнесті қолдаудың жанама құралдарына көшуді ескере отырып индустрияландыру, сондай-ақ сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар