Мақпал Исабекова көлік апатына түскен қызға көмек көрсету үшін инстаграм парақшасын сатты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Мақпал Исабекова талдықорғандық Әсел Қасымханқызы үшін инстаграм парақшасын сатты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əнші өзінің əлеуметтік желісін 1,5 млн теңгеге бағалаған. Саудаға шыққан парақша 10 сағаттан соң сатылып кеткен.

Мақпалдың айтуынша, қызығушылық танытып, сатып алам деушілер легі əлі де көп көрінеді. Халық толассыз қоңырау шалып, сатып алуға ниеттеніп жатқанын айтады. Айта кету керек, Мақпал Исабекова өзінің жеке парақшасын сатуға талдықорғандық Əселге көмек көрсету үшін, осындай қадамға барған. Əсел, қазір Қытайда ота жасатқалы жатыр. Ол көлік апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған еді. Соңғы кезде дерті деңдеп, адам төзгісіз ауруға шалдыққаны жөнінде əлеуметтік желіге жариялап, көпшіліктен отаға көмек сұрап еді. Бойжеткеннің жанайқайына бейжай қарамаған əнші, шешім қабылдап, парақшасын сатуды шешкен.

«Мен мұндай қадамға Əсел үшін бардым. Енді барлық қаражатты оған жіберемін. Бар тілегім Əселдің тезірек сауығып, өз ортасына оралуын тілеймін. Ал парақшамды Астаналық бойжеткен сатып алды. Енді мен тыңдармандарымды, халқымды өзімнің жеке парақшамда күтемін»,-деп жазды ол.

Мақпал Исабекова əлеуметтік желіде оқырманы көп эстрада жұлдыздарының бірі. Оның парақшасында 1 млн нан астам адам тіркелген.

Являясь частью огромной вселенной, хочется сделать хоть малую часть её светлой🙌🏼 Я думаю это моё крайнее обращение к вам на этой странице. Я благодарна каждому из вас за то, что были со мной. Спасибо тем, кто верил и верит, ваша вера- это сильнейшая двигательная сила, Моя опора. Спасибо и всем тем, кто не верил, именно они делают меня выносливее, сильнее, заставляя становится только лучше. Страница продана ( не смотря на отдельные скептические мнения) Была продана через 10 часов после моего предложения. ( и до сих пор пишут желающие её купить). Сегодня я передаю все деньги вырученные с неё, а именно 1 500 000 тенге девочке Асель ( ради которой и было задумано всё это ) @kasymhanovna , которая находится сейчас в Китае и ждёт операции. Я верю всё будет хорошо у неё Ин Ша Аллах. Скорее поправляйтесь Асель и возвращайтесь к своим родным любимым🙏🏼 Инстаграм купила девушка с Астаны. От себя с пожеланием обрести то, что ищите, говорю вам искреннее человеческое спасибо, за ваше неравнодушное доброе сердце🙌🏼 Когда есть желание сделать что-то хорошее, нет лимита, нет правил, не существует границ. У добрых помыслов не должно быть ограничений. Будьте счастливыми, любимыми, открытыми, наполненными. Пусть во всем что вы делаете будет гармония, поддержка близких, единомышленников, это важно. Не стыдитесь и не стесняйтесь быть собой, следовать своим мечтам, ломайте стереотипы🙌🏼 верьте в себя, в свои возможности, мыслите нестандартно, но исключительно категориями любви и добра❤️ с праздником вас близкие и далёкие, родные🙏🏼❤️ встретимся в новом году, на новой странице моей жизни🙌🏼💕 Если среди моих друзей, коллег появятся желающие последовать моему примеру, буду безмерно счастлива❤️🙌🏼 #воимядобра Моя новая страница 👉🏼👉🏼👉🏼 @makosyai 🙌🏼

Фото опубликовано Makpal Issabekova (@issabekovamakosya) Дек 16 2016 в 2:25 PST

Соңғы жаңалықтар