Макинкадағы отбасын іздеген Польшалық азаматша: Қазақстанға бару - арманым

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұратын отбасына іздеу салып, оны тілшілердің көмегімен оны тауып алған Польшаның 90 жастағы тұрғынына қатысты оқиға «Хабар 24» телеарнасының Варшавада түсірілген репортажында жалғасын тапты. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі де бір-бірін іздеп тапқан отбасылардың қазіргі өмірі туралы сұрап білді.

Польша азаматшасы Ула Котарба (Ula Kotarba) өткен ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстанға жер аударылған. Оның отбасына Ақмола облысы Макинка ауылының тұрғыны Устинья Миринчук көмектескен. Ол жер ауып келген поляктарды қамқорлығына алып, соңғы нанымен бөліскен. Соғыстан кейін Изабелла Польшаға қайта оралды. Қос отбасы біраз уақыт хабарласып, қал-жағдай сұрасып тұрған. Кейін байланыстары үзілген.

Жуырда Польша азаматшасы Ула Котарба Kyzylorda-news.kz редакциясы арқылы Устинья Миринчуктың отбасына іздеу салды. Сол кезде «ҚазАқпарат» тілшісі Устиньяның немересі Татьяна Миринчукті қазіргі кезде Ресейде тұратынын анықтаған болатын. Белгілі болғандай Устиньяның 9 немересі бар: Үлкен ұлының отбасы Ростов облысында. Кіші ұлының отбасы Алматы облысында, ортаншы ұлының отбасы Омбы облысы және Германияда тұрады.

«Әрине, біз Татьяна екеуіміз бірнеше рет сөйлестік. Мен оған репортаж жібердім, ол өте қатты елжіреді. Қазақстанға сапар шегу - менің басты арманым! Мен Устиньяның қабірінің басында болып аруағына дұға бағыштап, сіздердің тамаша елдеріңізбен танысқым келеді. Өкіншіке орай, қазір бұл мүмкін емес. Анам менің қолымда. Ол тәулік бойы біреудің күтіміне мұқтаж. Дегенмен, келешекте мен бұл арманымды жүзеге асырамын. Татьянаны іздеп табуға көмектескендеріңіз үшін және шақыруларыңызға үлкен рахмет!», - деп жауап қайтарды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің хатына Ула Котарба.

Оның айтуынша, анасы Альцгеймер ауруына шалдыққан және есінде Қазақстанда тұрған мекенжайы мен бір шумақ өлең жолдары ғана қалған.

«Анамыздың балаларын танымай қалауы әрине қиын. Алайда, анамыз өзінің естеліктерін кітапқа жазып қалдырды», - дейді Ула Котарба.

«Біз бірнеше рет скайп арқылы сөйлестік, Алматылық тілші оның үйінде қонақта болды және онымен телекөпір өткізгім келеді. Дегенмен, уақыттың сәйкес келмеуінен оны жүзеге асырудың сәті келмей жүр. Әзірге, WhatsApp және скайп арқылы сөйлесіп жүрміз. Жазда Германияға баруды жоспарлап отырмыз. Егер мүмкіндік болса, Польшаға соғамыз. Бұл әзірге арман ғана!», - деп ҚазАқпарат тілшісімен бөлісті Устиньяның немересі Татьяна Миринчук.

Біз де өз тарапымыздан Татьяна Миринчуктің арманына қол жеткізуіне тілектестік білдіреміз және оқиғаның одан әрі өрбуін хабарлап отырамыз.

Автор: Оксана Матасова

Соңғы жаңалықтар