Македониялық оқушы Алматыны танымал еуропалық шипажайға теңеді (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Македониядан келген мектеп оқушысы Климент Серафимов информатика пәнінен өткен Халықаралық олимпиада (IOI-2015) барлық қатысушылардың жадында мәңгілік қалады деп есептейді.

«Бүгін бүкіл тобымызбен Медеуге бардық. Ол жерден таулар қалай тамаша көрінеді. Сіздер онымен мақтана аласыздар. Өзімізді еуропалық шипажайда болғанымыздай сезіндік. Бағдарлама қызықты, ұйымдастырушыларға аз уақыттың ішінде қаншама әдемі жерлерге барып жүргеніміз үшін алғысымды білдіргім келеді. Олимпиаданың мәңгілік есімізде қалатынына сенімдімін», - деді оқушы.

«Бізге барлық жағынан көмек беріп жүрген еріктілер тобындағы қазақстандық қыз-жігіттерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олар бізге бас-көз болып қана қоймай, қамқорлығын да танытып жүр. Бұдан бөлек, олар қатты толқыған кезімізде қолдау көрсетіп, әзілдеп, көңілімізді көтеруге тырысады. Бұл өте қуантады», - деді К.Серафимов.

Осы күндері Алматыда информатикадан XXVII Халықаралық олимпиада өтіп жатыр. Оған әлемнің 83 елінен келген 324 оқушы қатысуда.

Бүгін қатысушылар бірінші экскурсияға шықты:балалар «Медеу» спорт кешені, Шымбұлақ тау-шаңғы кешені және Қазақ мемлекеттік циркіне барды.

Соңғы жаңалықтар