Махмуд Сабырхан ганалық қарсыласын қапы қалдырды

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмуд Сабырхан (54 келі) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешкі сессияда ел құрамасынан рингке екінші болып Махмуд Сабырхан көтерілді. Ол ганалық ганалық Мохаммедо Амадумен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта төрешілер Махмудтың басымдығына қолдау білдірді. Екінші раундта ол жылдам әрекетімен жеңіске жақындай түсті.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетсек, Махмуд Сабырхан 2021 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.

Енді А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын кешкі сессияда Санжар Ташкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өткен еді.

Сондай-ақ Дулат Бекбауов ширек финалға өтті. Ал Нұрқанат Райыс пен Серік Теміржанов ширек финалға шыға алмады.

Қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай жартылай финалға өтті.

Айта кетсек, жартылай финал 12 мамыр күні өткізіледі. Финал 13 және 14 мамыр күндеріне белгіленген.


Соңғы жаңалықтар