Махмуд Сабырхан Азия чемпионатында «алтын» ала алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан күміс медальді қанағат тұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада 54 келіде сынға түскен Махмуд Сабырхан финалда филиппиндік Карло Пааламнан жеңілді. Осылайша, Азия чемпионатының күміс медалін қанағат тұтты.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) жапониялық Аратаке Кадзумадан басым түсті. Осылайша, ол Азия чемпионы атанған болатын.

Ал, Сәкен Бибосынов (51 келі) өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңіліп қалды. Нәтижесінде күміс медальді қанағат тұтты.

Сондай-ақ, Серік Теміржанов (57 кг) өзбекстандық Абдумалик Халоковқа есе жіберіп, күміс медаль алды.

Енді ел құрамасынан тағы бес боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.


Фото: sports.kz
Соңғы жаңалықтар