Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн қабылдады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн форматта қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің қабылдауына қатысқандар әлеуметтік мәселе бойынша әрқилы өтінішін білдірді. Бірқатары тұрғын үй және жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек қолын созуды сұрады.

Азаматтардың өтінішін тыңдаған Махамбет Досмұхамбетов қозғалған мәселелерді заң шеңберінде шешу жолы қарастырылатынына тоқталды.

Сондай-ақ, әкім әр өтініштің артында адам тағдыры тұрғандықтан, жеке өз бақылауына алатынын жеткізді.

Өңір басшысы азаматтарды онлайн қабылдауға қатысқан лаузым иелеріне өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар