Махамбет Досмұхамбетов ҚР бірінші энергетика вице-министрі болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Махамбет Досмұхамбето ҚР бірінші энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомство ұжымына бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовты таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. 1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай -газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы - Қазақ мемлекеттік заң университеті, іскери әкімшілік ету магистрі болған.

Еңбек қызметін 1983 жылы "Ембімұнай" бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған.

Түрлі жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да бас геолог, геология және геофизика бойынша бас директордың орынбасары, геология және өңдеу бойынша бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары - басқарма мүшесі болған.

Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология бойынша басқарушы директоры - бас геолог, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары және ірі операциялық емес активтер және теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті лауазымдарын атқарған.

«11 қарашада ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Министрлік ұжымына ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Жолдасғалиұлы Досмұхамбетовті таныстырды», делінген хабарламада.

 

 

Соңғы жаңалықтар