Махамбет Досмұхамбетов коронавирус жұқтырғандардың жағдайын білді
2020 жылғы 9 шілде 23:33

Махамбет Досмұхамбетов коронавирус жұқтырғандардың жағдайын білді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов №2 облыстық инфекциялық ауруханаға барып, науқастарды емдеу барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Махамбет Досмұхамбетов арнайы медициналық қорғаныс киімін киіп, палаталарды аралаған. Инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайымен танысқан.

«Аурухананың бас дәрігері Мағжан Сейітжановтың айтуынша, 180 орындық инфекциялық стационарда жансақтау бөліміндегілерді қоса алғанда 192 науқас жатыр. Олардың барлығы –коронавирус инфекциясын жұқтырғандар.

Күн сайын жазылып шыққан пациенттер үйіне жіберіледі. Немесе амбулаторлық емдеуге ауыстырылады. Пациенттер шыққан соң палаталарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, келесі күні өзге науқастар жатқызылады.

Палаталарды аралап шыққан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ем алып жатқандардың жағдайын сұрап, тез жазылуын тіледі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирусқа шалдыққандар саны 6 мыңнан асқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT