

Махамбет Досмұхамбетов: Көрісу - бағзыдан келе жатқан құнды дәстүріміз
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Көрісу – бағзыдан келе жатқан дәстүріміз, құнды ғұрпымыз. Бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАққпарат.
«Тәуелсіздік жылдарында ұлтымыздың руханияты қайта жанданып, ұлттық кодымыз жаңғырды. Терең тарихымыз бен бай салт-дәстүрімізді түлету үшін мемлекет тарапынан
үлкен қолдау жасалып келеді. Мәңгілік ел құруға негіз болатын ерекше құндылықтарымыз осылайша жас ұрпақтың санасына сіңірілуде.
Халқымыздың ортақ салт-дәстүрімен қатар, байтақ еліміздің кей аймағында өзіне тән жол- жоралғылары да бар. Бұл Алтайдан Атырауға дейінгі аралықты ен жайлаған еліміздің ұлттық әдет-ғұрыптарға барынша бай екенін көрсетеді. Соның бірі – өңірімізде ерекше аталып өтетін Көрісу мерекесі» -деп жазды Facebook желісінде облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің айтуынша, бұл – бабаларымыздан бері келе жатқан бағзы дәстүр, құнды ғұрпымыз. Қытымыр қыстан шыққан ел көктемнің лебіндей көңілденіп, бір-бірінен амандық-саулық сұрасып, көріседі. Жастар жағы қарияларға ілтипат-ізет көрсетіп, үлкендер болса, жас ұрпаққа аталық ақ баталарын береді. Әрбір шаңырақта жылы-жұмсағы мол арнайы дастарқан жайылады.
«Жыл бойы көріспеген ағайын-тума, көрші-көлем ас-дәм мен ақтан ауыз тиіп, бір-біріне жылы лебіздерін арнайды. Осы игі дәстүріміз бүгінде берік рухани қазынамыз ретінде
орнығып, жалпы адами құндылықтар мен ізгіліктің өрісіне айналды» -деді өңір басшысы.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының бас санитар дәрігері МәдениетТанауов Көрісу күнінде үлкендерді тек телефонмен, видеоқоңыраумен құттықтауға
ұсыныс жасаған 4 болатын.
Jańalyqtar



















