Мағзұм Мырзағалиев жануарды қасақана өлтіргендерді жазалауға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жануарды қасақана өлтіргендерге қандай жаза қолданылатынына қатысты тілшілердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы жалпы жануарларға адамгершілікпен әрі жауапты түрде қарау мәселелерін реттейді», - деді Мағзұм Мырзағалиев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, жануарларға қатыгездік жасағандарға жазаны күшейту үшін Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге өзгеріс енгізіледі.

«Тиісті өзгерістер Парламентте әзірленеді. Бірақ алдын ала айтарым, иә, мұндай нормалар қарастырылуда. Қылмыстық заңнамаға сәйкес қазір ондай адамдарға қандай жаза тағайындалатынын айту қиын. Себебі құжат әлі де талқылануы керек», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар