Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысындағы газ мәселесін шешіп беруге уәде етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында газ тарату жүйелері дұрыс салынбаған. Соның салдарынан xалық газға қол жеткізе алмай отыр. Ал «ҚазТрансГаз» дұрыс салынбаған жүйелерді өз балансына алғысы келмейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Түркістан облысына арнайы комиссия барып келді. Соның есебіне сәйкес, 10 газ тарату стансасы дұрыс салынбаған.

«Енді, «ҚазТрансГаз» ол үшін жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді. Бірақ жақында Үкімет басшысының Түркістан қаласына жасаған сапары кезінде біз нақты бір келісімге келдік. Арнайы жұмыс тобы құрылады. Қазіргі жоспарға сәйкес, алдымен әкімдік, я болмаса, мердігер компаниялардың күшімен қазіргі теxникалық олқылықтарды түзету керек. Сосын тариф мәселесі тағы бар. Бүгінде тариф бірден бес жылға бекітіледі. «ҚазТрансГаз» өкілдері айтады, газ жүйелерін әкімдіктен қабылдайтын болсам, оның бәрін ұстау үшін штатты ұлғайтуға тура келеді. Жаңа жұмысшыларға жалақы төлеу керек. Ал тарифті өзгертуге болмайды», - деді М.Мырзағалиев ҚР Парламент Мәжілісінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселені шешудің екі жолы бар. Тарифті көтеру керек. Сонда «ҚазТрансГаз» қосымша шығындарын өтей алады, я болмаса, әкімдік ол ақшаны жергілікті бюджеттен төлеп отыруы тиіс.

«Мәселен, «ҚазТрансГаз» бен әкімдік келісімшартқа отырады да, жергілікті бюджеттен компанияның сервистік қызметі төленіп тұрады. Талдықорған қаласында солай істейді. Мен бұл мәселені өз мойныма алуға дайынмын. Жылдың соңына дейін аталған мәселені шешуге тырысамыз», - деп атап көрсетті М.Мырзағалиев.

Айта кетейік, бүгінгі жиында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы туралы айтып берді.

«Сарыарқа» газ құбыры алдымен Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау мен Нұр-Сұлтан бағытымен салынады. Бұл - құрылыстың алғашқы кезеңі. Осының арқасында құбырға жақын орналасқан 740 мың адамды табиғи газбен қамтасыз етуге мүмкіндік бар. Әрине, инфрақұрылымның салынуына қарай газ тұтынатын адамдардың саны артады. Өткен жылы тамыз айында Үкімет жобаның сызба-нұсқасы мен қаржыландыру шарттарын мақұлдады. Жобаның құны - 267,3 млрд теңге. Қараша айында «Астана газ» АҚ мен мердігер компания -«Қазқұрылысқызмет» АҚ арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі кезде барлық қажетті теxника мен мамандар тартылды. Дәнекерлеу жұмыстары басталды. «Сарыарқа» газ құбырының, шамамен, 1300 метрі салынды», - дейді М.Мырзағалиев.

Ал елорданың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов Көкталдан кейін газдың қай бағытта тартылатынын түсіндірді.

Қарағанды облысы болса, мүлдем газсыз қалуы әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар