+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Мағзұм Мырзағалиев таяу жылдары таусылатын кен орындарын атады

2020 жылғы 18 ақпан 09:19
Бөлісіңіз:
Мағзұм Мырзағалиев таяу жылдары таусылатын кен орындарын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндіру көлемі 1 млн тоннаға дейін төмендеп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Теңізшевройл» отандық кәсіпорындардың тауарын сатып алуды ұлғайтуы керек – Энергетика министрі Қарағанды облысында ең ескі ЖЭО жаңғыртылады Қызылордалық өнертапқыш Алматы ауасын жақсартуға үлес қоспақ

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы былтыр 5 қыркүйекте Атырау қаласында өткен мұнай-газ саласына қатысты кеңесте баса назар аударды. Негізі елімізде 8 мыңға жуық кен орны тіркелген. Оның ішінде 317 көмірсутек, яғни мұнай, газ, конденсат кен орындары бар. Мұнан бөлек, 910 қатты пайдалы қазбалар кен орны болса, 3 мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбаларға тиесілі. Сонымен қатар 4 мыңға жуығы жерасты сулары кен орны бар», - деді тұжырымдаманы таныстырған министр.

Оның айтуынша, бүгінгі күні бірқатар өзекті мәселе күн тәртібінде тұр. Атап айтқанда, моноқалалардағы тау-кен кәсіпорындарының шикізат базасының тұрақсыздығы, пайдалы қазба қорларының азаюы және «байырғы» кен орындарында өндіру көлемінің төмен деңгейге түсуі өзекті болып отыр.

Мысалы, Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндірудің көлемі 1 млн тоннаға дейін төмендеуде. Осы мәселе таяу арада Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында да болжануда. Соңғы он жылдықта Шығыс Қазақстандағы моноқалаларға жақын орналасқан – Шемонаиха, Юбилейно-Снегирихинское, Зыряновское ірі қорғасын-мырыш кен орындарының қоры түгелдей таусылып, жабылды. 2025-2040 жылдарға таман Орловское, Малеевское, Тишинское, Риддер-Сокольное сияқты кен орындарында да пайдалы қазба қорларының толықтай сарқылуы күтілуде», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT