Мағзұм Мырзағалиев мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемінің төмендеу себебін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 10 айында мұнай-газ-химия өнімдерінің өндіріс көлемі 147 мың тоннаны құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 10 айында мұнай-газ-химия өнімдерінің өндіріс көлемі 147 мың тонна болды. 2021 жылы 190 мың тонна өнім өндіру жоспарланған. Бұл 2020 жылғы деңгейдің 53 пайызын құрайды», - деді өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы баяндаған министр.

Оның атап өтуінше, биылғы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеудің негізгі себебі – қаңтар айында Атырау мұнай өңдеу зауытына электр энергиясын жеткізуде орын алған іркілістер. Бұл бензол мен параксилол өндіретін технологиялық қондырғылардың апатық тоқтауына әкеп соққан.

«Осыған байланысты бензол мен параксилол өндірудің жоспарлы көлемі 246 мың тоннадан 55,3 мың тоннаға дейін, яғни 5 есе төмендеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар