+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мағзұм Мырзағалиев: Еліміздегі қоқыс полигондары сыйымдылығы толатын шегіне жетіп қойған

2020 жылғы 14 шілде 12:25
Бөлісіңіз:
Мағзұм Мырзағалиев: Еліміздегі қоқыс полигондары сыйымдылығы толатын шегіне жетіп қойған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев әкімдіктерге елдегі қоқыс полигондарының мәселесін шешудің үш жолын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көбейтұздың балшығын әкетпек болғандар қандай жаза тартты Елордада «Құстар ұясы фестивалі» байқауы өтеді Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін

«Қазіргі уақытта еліміздегі үш мыңнан астам полигонда 125 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған. Жыл сайын бес 5 млн тонна көлемінде қосымша қалдық қалыптасады. Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 2018 жылы 11,5%-дан 2019 жылдың қорытындысы бойынша 14,9%-ға дейін өсті. Қайта өңдеудің жоғары үлесі Маңғыстау, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында тіркелді. Ал төмен көрсеткіштер Ақмола, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды», - деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, еліміздегі қоқыс полигондардың сыйымдылығы негізі толатын шегіне жетіп қойған. Оған қоса 3300 полигонның 82% экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.

«Осыған орай әкімдіктерден келесі жұмыстарды жүргізуді сұраймын: біріншіден қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын экологиялық талаптарға сәйкес келтіру керек. Екіншіден пайдаланушы ұйымдарды анықтап, мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдарын немесе жеке инвестицияларды тарта отырып, материалдық-техникалық жағын жақсарту қажет. Үшіншіден қажет болған жерлерде жаңа полигондар салу бойынша тиісті шараларды қабылдау керек. Сонымен қатар, бюджет қаражатының шығындарын үнемдеу мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп қалалар мен аудандарға арналған типтік жобалық-сметалық құжатты әзірлеуді ұсынамыз», - деді ол.

Еске сала кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне елді мекендер маңындағы қоқыс үйіндісі мәселесін шешуді тапсырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT