Мағзұм Мырзағалиев ауасы қатты ластанған 10 қаланы атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ауасы жоғары деңгейде ластанған 10 қаланы атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 45 елді мекеннің ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент. Сонымен қатар, ластаушы заттар шығарындыларының едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі», - деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.
Министр өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту шаралары жөніндегі сөзін Алматы қаласынан бастады.
Айтуынша Алматы қаласында ауаның ластануы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жылу көздерінің, автокөліктердің және қалаға іргелес Алматы облысының газдандырылмаған жеке үйлерінің шығарындыларымен байланысты.
«Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін дайындалған жол картасында 20 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде негізгісі - ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 газға ауыстыру, қалаға іргелес жатқан жеке меншік үйлерді газдандыру, коммуналдық және қоғамдық автокөліктерін табиғи газға көшіру, дизель отынымен жүретін қоғамдық көлікке кезең-кезеңмен тыйым салу, транзиттік көліктердің кіруіне/жүруіне шектеу қою жағын қарастыру және көгалдандыру. Сонымен қатар жел режиміне зерттеу жүргізу және соны ескере отырып, сәулет келбеті ережелеріне өзгерістер енгізу және құрылыстың бас жоспарын түзету болып отыр», - деді ол.
- Мемлекет басшысы ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды
- Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
- Сергей Громов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
- Бурабай ұлттық паркінде бір топ жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалды
-
Қарағанды облысында аквамәдениетті дамыту орталығы құрылады
-
Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам