Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған пошта маркасы шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 25 маусымда Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған пошта маркасы айналымға енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда пошта маркасы ресми таныстырылды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің директоры Жанна Омарова арнай пошта мөрін басып, конвертке қол қойып, бір-бірімен алмасты.

null«Пошта маркасында М.Жұмабаев бейнеленген. Оның таралымы - 10 мың дана. Пошта маркалары Беларусьта «Непогодин атындағы Бобруйск ірілендірілген типографиясы» кәсіпорнында басып шығарылды», - деді Ж. Омарова.

Еске салайық, бүгін Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы аталып өтілуде. Негізгі іс-шаралар М.Жұмабаев ауданы Сарытомар ауданында - ақынның туған жерінде өтті. 

Соңғы жаңалықтар