Мағжан Жұмабаев ауданына жаңа әкім тағайындалды - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Қайрат Омаров Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауданның жаңа әкімін өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырған.

Қайрат Омаров 1979 жылғы 15 наурызда Көкшетау облысы, Володар ауданында дүниеге келген. «Фемида» Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген, экономика бакалавры, заңгер.

nullЕңбек жолын 1996 жылы Айыртау ауданындағы орта мектептің мұғалімі ретінде бастады. 2004-2008 жылдар аралығында Ғ. Мүсірепов ауданы әділет басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Айыртау аудандық әділет басқармасының бас маманы болып еңбек етті.

2008 жылдан 2012 жылға дейін «ХҚО» РМК Ғ. Мүсірепов аудандық филиалын басқарды.

2012-2015 жылдары Ғ. Мүсірепов ауданы әкімінің экономика және ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2015 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар