Мағжан Әуезов Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы болып сайланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің жалпы жиналысында кеңестің жаңа төрағасы сайланды. Аталған лауазымға «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезов лайық деп танылды.

«Қауымдастық мүшелері кеңестің бұрынғы төрағасы Асқар Елемесовтың өз еркімен кетуін қолдап, жаңа басшыны қабылдады. Мағжан Әуезов енді 2016 жылдың 15 сәуірінен өз міндетіне кіріседі», - делінген хабарламада.

Отырыс барысында жиналғандар Асқар Елемесовке мемлекет пен қаржы секторы арасындағы ықпалдастықты нығайтуға қосқан үлесі мен атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Ал, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Серік Аханов өзінің жұмысын одан әрі жалғастыратын болды.

Ұйым жарғысына сәйкес қауымдастық кеңесінің төрағасы Мағжан Әуезовке екі ай ішінде қауымдастықтың жұмысын жаңғыртудың жаңа бағдарламасын жасау тапсырылды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл шешімді толығымен құптайды. Нақты сектор үшін арзан әрі ұзақ мерзімді несиеге қол жеткізу өте өзекті. Оның басқаруы нәтижесінде беделді сарапшылар алаңы дәрежесіне жетіп отырған  қауымдастық Ұлттық банкпен де, кәсіпкерлер палатасымен де сенімді серіктестік орнатады деген үміттеміз», - деді ҰКП басқарма төорағасының орынбасары Абылай Мырзахметов.

Айта кету керек, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына 184 қаржы ұйымы енген. Олардың ішінде банктер, сақтандыру ұйымдары, құнды қағаздар нарығының қатысушылары, лизингтік компаниялар, аудиторлық, консалтингтік компаниялар бар. 

Соңғы жаңалықтар