Магнус Карлсен шахматтан әлем чемпионы атағын төртінші рет қорғап шықты

None
None
ДУБАЙ. ҚазАқпарат – Магнус Карлсен 11-ші партияда Ян Непомнящийді ұтып, шахматтан әлем чемпионы титулын сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жұма күні қара фигуралармен ойнаған норвегиялық шахматшы бұл жеңісінен кейін матчта 7,5 балл жинап, 3,5 балл жинаған ресейлік спортшыны жеткізбей қойды.

Бұл – 1993 жылы Гарри Каспаровтың Найджел Шортты ұтқан ойыннан кейін қол жеткен ең үлкен жеңіс.

Әлемдік шахмат коронасы үшін матч Дубай қаласында 26 қараша күні басталған.

Алғашқы бес партия тең ойынмен аяқталған, алтыншысында Карлсен ұтты. Сондай-ақ, норвегиялық спортшы Непомнящийді сегізінші және тоғызыншы партияларда жеңген.

«Әрине, жеңілдік сезініп отырмын. Жағдай бастапқыдан-ақ тым жайлы болғаннан кейін үлкен қуаныш сезіну қиын, бірақ... жалпы алғанда ойынға көңілім толды», - деді шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен.

2013 жылы Вишванатан Анандтан тәжді алып қойған Карлсен шахматтан 16-шы әлем чемпионы атанды. Сол кезден бері ол өз атағын 4 рет қорғап шыққан.


Соңғы жаңалықтар