Магнус Карлсен рапидтен 4-ші рет әлем чемпионы атанды

None
None
АЛАМАТЫ. ҚазАқпарат – Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Алматыда жедел шахмат бойынша (рапид) өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 13 турдан 10 ұпай жинап, тай-брейкке қатыспай-ақ турнирдің жеңімпазы атанды.

Карлсен рапидтен өтетін турнирді осымен 4-ші рет жеңіп алып отыр.

Ол Алматыдағы баспасөз мәслихаты барысында өзінің жарыстарға қалай дайындалатынын айтып берген еді.

«Менде нақты анықталған стратегия жоқ. Мен шахмат туралы ойлауды ешқашан тоқтатқан емеспін. Бұл менімен өмір сүретін нәрсе. Мен қалай ойнаймын, кіммен ойнаймын деп ойлаймын. Не істеу керек және не істемеу керектігі туралы кәсіпқойлар бөлісетін жалпы кеңестер бар. Шахмат мені импровизацияға және ойлануға жетелейді», - деді Магнус Карлсен.

Алдағы күндері, яғни 19-30 желтоқсан аралығында Алматыда шахматтың блиц түрі бойынша чемпионат өтеді.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатының «күміс» жүлдесін Динара Сәдуақасова жеңіп алған болатын.

Шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионаты Алматыда 25 желтоқсан күні басталды.

Жаһандық додаға 50 елдің үздік 290 шахматшысы қатысып жатыр.


Фото: worldrapidandblitz2022.fide.com


Соңғы жаңалықтар