Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу: 176 талапкер емтиханнан шеттетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Орталық мәліметіне сәйкес, республика бойынша 43 мыңнан астам адам компьютерлік тест тапсырған. Олардың 42 пайызы шекті балл жинаған. Магистратураға түсуге ниетті азаматтардың жалпы орташа көрсеткіші – 71 балл. Ең жоғары 140 ұпайды тек бір қатысушы ғана жинапты.

«Тест тапсыру барысында ереже бұзғаны үшін 328 адамның нәтижелері жойылды. Атап айтқанда, тыйым салынған заттарды кіргізген 176 талапкер емтиханнан шеттетілді. Тестілеу кезінде ереж бұзып, 148 азамат аудиториядан шығарылды. Бейнекамералардағы жазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды. Сонымен қатар, емтиханға кіргізу кезінде адамның түр-әлпетін танитын FACE-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды», - деп жазды Ұлттық тестілеу орталығы өзінің Тelegram арнасында.

Биыл өз нәтижесімен келіспеген 20 мыңнан астам адам апелляцияға өтініш берген. Осыған сай, 121 тест тапсырушының қорытындысы оң шешімін тапты.


Соңғы жаңалықтар