Магистратураға бөлінген 13 мың гранттың 3 мыңы кері қайтарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Магистратураға түсушілер үшін биылғы оқу гранты конкурсының нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде жазды.
Конкурс нәтижесін Testcenter.kz сайтынан немесе Konkurs_magistratura_2019 Telegram-боты арқылы білуге болады.
«Грантты компьютер бөлгенімен, процестің қаншалықты маңызды екенін ұғынып, әр тізімді, шамамен 12 мың жазбаны қолмен тексеріп шықтық. Себебі Орталық өз жұмысында үміткерлердің құқығына басымдық береді», - деп жазды Дидар Смағұлов Facebook желісінде.
Айта кетейік, биыл магистратураға бөлінген 13 мың грантқа 30 мың адам үміткер болған еді.
«Жалпы саны 9 701 үміткерге грант тағайындалды. Қалған 3 108 грант бюджетке кері қайтарылды. Бірінші айналымнан қалған гранттар сұраныстағы мамандықтар бойынша қайтадан бөлінеді», - деді Д. Смағұлов.
- Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
- Алматыдағы бокс кешінде қазақстандық нокаутшы Абай Төлештің қарсыласы белгілі болды
- Таразда латын әліпбиін үйрететін онлайн-бағдарлама жасалды
- Садриддин Ахмедов аргентиналық қарсыласын нокаутқа түсірді
-
Ақмола облысында боранда жоғалған үш тракторшы табылды
-
Маңғыстауда 160 жасөспірім қыз жүкті болып қалған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам