+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Магистратура мен докторантураға түсу үшін халықаралық сертификаттар керек пе

2021 жылғы 11 сәуір 22:01
Бөлісіңіз:
Магистратура мен докторантураға түсу үшін халықаралық сертификаттар керек пе

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу үшін қажет халықаралық сертификаттар тізіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады», - деп аталып өткен министрліктің Telegram каналында.

Сонымен қатар, докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті болып саналады.

Айта кетейік, Duolingo English Test 2021-2022 оқу жылына магистратура мен докторантураға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар тізімінен шығарылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 1 маусымда басталады.

Ал докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT