Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме джасап.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына барлығы 2029 адам қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша – 100 грант.
Оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады, ал оқу ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.

Толық тізіммен мына жерден танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар