Магистратура білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Магистратурада оқуған арналған білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Толық тізіммен министрліктің Telegram-дағы парақшасында мына сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.

Еске сала кетсек, биыл 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталды. Биылдан бастап оқуға қабылдау жылына екі рет өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында жүргізілді. Кешенді тестілеу 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтті. Магистратураға грантқа үміткерлер дәстүрлі түрде шет тілі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырды.

Ал, магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 10 желтоқсанда басталды. Өтінімді жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары қабылдады.


Соңғы жаңалықтар