МАГАТЭ Курчатов қаласында оқыту курстарын өткізді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Курчатов қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) «Радиоактивті қалдықтарға арналған қауіпсіздік қағидалары мен стандарттары» атты ұлттық оқу курсын өткізді.

Оқу курсын Геофизикалық зерттеулер институты халықаралық келісімшарт аясында ұйымдастырды. Бұл оқу курсына Ұлттық ядролық орталықтың қызметкерлері де қатысты. 

МАГАТЭ атынан сарапшылар ретінде DR Ormai Peter - МАГАТЭ (Венгрия), Degnan Paul Joseph - МАГАТЭ (Ұлыбритания), тәуелсіз сарапшы Catalystra (Австралия) және Andrey Guskov - МАГАТЭ (Ресей) қатысты.

Бес күндік курс шеңберінде Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды геологиялық көму жөніндегі ұлттық бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарын қарастырды.

«Атап айтқанда МАГАТЭ-нің қауіпсіздік стандарттары (радиоактивті қалдықтарды көму жөніндегі қағидаттар, талаптар және нұсқамалар), радиоактивті қалдықтарды көмудегі ұлттық саясат және стратегия, радиоактивті қалдықтарды басқару талаптарын белгілеу үшін ұлттық түгендеуді әзірлеу, қауіпсіздікті кешенді бағалау туралы есептің құрауышы мен құрылымы, геологиялық көму объектісін орналастыруға қолайлы алаң таңдау, радиоактивті қалдықтарды көму объектілерінің басты техникалық аспектілері» Оқу бағдарламасы МАГАТЭ-нің соңғы ұсынымдарының негізінде, Қазақстанның қажеттілік ерекшеліктерін ескере отырып әзірленді»,-делінген Ұлттық ядролық орталық таратқан мәліметте.

Курсқа қатысушылар сарапшылармен бірлесіп Ұлыбритания, Венгрия, Жапония, Швеция, АҚШ, Канада, Финляндия, Бельгия сияқты геологиялық көму бағдарламасын жүзеге асыру арқылы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі практикалық міндеттерді қарастырды.   

Соңғы жаңалықтар