МАГАТЭ бас директорының міндетін атқарушы тағайындалды
«Бас директор Юкия Аманоның қазасына байланысты, агенттіктің жұмысын тоқтатпау үшін Басқарушылар кеңесі Корнел Феруце мырзаны бас директор лауазымына жаңа басшы келгенге дейін бас директордың міндетін атқарушы етіп тағайындауға қаулы қабылдады», - делінген мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, бұған дейін «ҚазАқпарат» ХАА Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Юкия Амано 72 жасында өмірден өткенін хабарлаған болатын.
Амано 2009 жылы МАГАТЭ-нің бас директоры лауазымына тағайындалған алғашқы азиялық болды. Ол осы лауазымды 2021 жылға дейін атқаруы тиіс еді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.