Маған салмағы 90 келі жігіттердің қанша тартылатыны қызық - Сергей Цырульников Tartyl Fest-те

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бұл турнирге тек өз саласының үздіктері қатысып жатыр. Tartyl Fest турнирінің гранд-финалына арнайы келген қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл турнирге өз саласының тек үздіктері қатысып жатыр. Мен қандай да бір спортшыға қолдау білдіріп отырмын деп айта алмаймын. Өзімнің салмағым шамамен – 150 кг. Сондықтан, аса ауыр салмақтағы қатысушыларды қолдаймын. Мен үшін салмағы 90 келі жігіттердің қанша тартылатыны қызық», - деді Сергей Цырульников тікелей эфирде жарыс жүргізушісінің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол сонымен қатар, сайыстың ең жас қатысушысы әрі жеңімпазы Мансұр Уәлиевке қатысты пікір білдірді.

«Менің ойымша, Қазақстанда талантты және дарынды жастар өте көп. Мансұр да солардың қатарынан. Оның болашағына жақсы бағыт-бағдар берілсе, Мансұр бізге Олимпиада «алтынын» әкеледі деп ойлаймын», - деп ой бөлісті Сергей Цырульников.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазір елордадағы Конгресс орталықта Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтіп жатыр. Тартысты бәсекені «Jibek Joly» телеарнасының тікелей эфирі мен youtube арнасынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар