Мадридтік «Реал» - 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Париждегі «Стад де Франс» стадионында ағылшындық «Ливерпуль» мен испандық «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бастапқы құрамдар мынадай болды:

Ливерпуль: Бекер, Робертсон, Ван Дейк, Конат, Александр-Арнольд, Фабиньо, Алькантара, Хендерсон, Диас, Мане, Салах

Реал Мадрид: Куртуа, Менди, Алаба, Милитао, Карвахаль, Кросс, Каземиро, Модрич, Вальверде, Жуниор, Бензема.

Ойындағы жалғыз голды кездесудің 59-минутында Винисиус Жуниор соқты. Бұл матчтағы «Реал Мадридтің» қақпаға бірінші ресми соққысы болды.

Испандық клуб өз рекордын жаңартып, тарихта 14-ші рет Еуропа кубогының басты турнирін жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар