Мадридте жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат – Мадрид қаласындағы тұрғындарға жаңа карантиндік шектеулер енгізілді. Бұған Испанияның Covid-19 инфекциясының екінші күрделі толқымен күрес шаралары себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Осы демалыс күндерінен бастап ел тұрғындары өз аудандарынан тек маңызды сапарлар үшін ғана шыға алады.

Елдегі барлар мен мейрамханалар сағат 22:00-ден кейін жұмыс істемейді. Бұл шараларды Испанияның федералдық үкіметі талап еткен. Ол сондай-ақ ел астанасының тоғыз қаласында осындай шаралар енгізуді талап етуде.

Шектеулердің енгізілуіне Мадрид қаласының билігі қарсы шыққан. Тіпті, шектеулердің енгізілуіне жол бермеу үшін сотқа жүгінген. Мадрид қаласының Әділет министрі бұл ел астанасын экономикасына 8 миллиард еуро шығынға батыратынын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Испания үкіметі Мадрид пен оның маңындағы тоғыз қаланың жергілікті билігіне 48 сағатқа карантиндік шаралар енгізуді тапсырды. Испанияда Covid-19 ауруына шалдыққандар саны артуда. Соңғы екі аптада елде 133 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Олардың үштен бірі ел астанасынан. Енгізілген жаңа шаралар бойынша, аталған қала тұрғындары аудандар арасына қатынай алмайды. Тек жұмысқа, оқу орындарына, сондай-ақ дәрігерге немесе жақындарына қажеттілік болған жағдайда ғана рұқсат етілген. 6 адамнан артық топтасып жүруге тыйым салынған.



Соңғы жаңалықтар