Мадридте Қазақстан-Испания кеңестері өтеді

None
None
анның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазанның 30-да Мадридте екі ел сыртқы істер ведомстволары арасында Қазақстан-Испания кеңестері өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов, ал испан тарапын осы елдің сыртқы істер ведомствосының мемлекеттік хатшысы Анхель Лоссада басқарады», деді бүгін апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

 Оның айтуынша, дипломаттар аймақтық және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелерді, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға және Испанияның ЕО-ға 2010 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төрағалығын үйлестіру, сондай-ақ екі ел қарым-қатынасындағы басқа да шараларды қарастырмақ.

Соңғы жаңалықтар