+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Мадрид мэрі қарлы бораннан €1,4 млрд шығын келгенін мәлімдеді

2021 жылғы 14 қаңтар 18:41
Бөлісіңіз:
Мадрид мэрі қарлы бораннан €1,4 млрд шығын келгенін мәлімдеді

МАДРИД. ҚазАқпарат – Мадрид мэрі Хосе Луис Мартинес-Альмейда қарлы боран салдарынан қалаға 1,4 млрд еуро шығын келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Mundo газетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нью-Йоркте апатқа ұшыраған автобус эстакадаға ілініп қалды Үндістандағы жол апаты 11 адамның өмірін қиып кетті Индонезиядағы жер сілкінісі: 26 адам қаза тауып, 600-ден астамы зардап шекті

«Қазіргі уақытта біз соңғы күндері экономика, инфрақұрылым және қала мүлкіне келген шығынды есептеп, 1,398 млрд еуроға жеткенін анықтадық», - деді ол.

Мартинес-Альмейда Испания билігіне қаланы апат аймағы деп жариялап, корольдік үкіметті осы мәселеге орай жауапты кешіктірмей беруге шақырды.

8 қаңтарда Испания кейінгі жарты ғасырда болмаған қарлы боран астында қалды. «Филомен» дауылы салдарынан ауа температурасы күрт төмендеді. Андалусия тауларында қар деңгейі 50 см-ге жеткен. Қолайсыз ауа райы салдарынан Испанияның көлік жүйесі жұмысын тоқтатты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT