Мадияр Әшкеев WBC титулы үшін 43 рет жеңіске жеткен аргентиналықпен айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ешқашан жеңіліп көрмеген қазақстандық боксы Мадияр Әшкеев (13-0, 6 КО) ертең, таңғы уақытта өзінің кәсіби рингтегі кезекті айқасын өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл Гавайан Гарденс (Калифорния штаты) қаласындағы бокс кешінің ең тартымдысы болмақ. Басты жекпе-жектегі оның қарсыласы -37 жастағы аргентиналық Родольфо Эзикель Мартинес (43-8-3, 16 КО).

Бәйгеге бірінші жартылай орта салмақтағы WBC (UNSBC) тұжырымы бойынша бос тұрған АҚШ чемпионы титулы тігіліп отыр. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Айқас алдында, кеше қарсыластардың екеуі де міндетті салмақ өлшеу процедурасынан сәтті өтті.

Соңғы жаңалықтар