Мадияр Әшкеев америкалықты жеңіп, алғашқы титулына қол жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мадияр Әшкеев америкалықты жеңіп, мансабындағы алғашқы титулына қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Аризона штатының (АҚШ) Тусон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсеткен жерлесіміз жергілікті боксшы Сесил Маккалламен айқасты. Бірінші орта салмақ санатында өткен он раундтық жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан Мадиярға берді. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алғашқы титулы Junior NABF белдігіне ие болды.

Айта кетейік, NABF (Солтүстік Америка бокс федерациясы) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жүйесіне кіреді.

Әшкеев осымен кәсіпқой бокстағы 11 жекпе-жегінде 11-жеңіске қол жеткізді, соның алтауы - нокаут. Ал 21 жеңісі бар (8 нокаут) Маккалла төртінші рет жеңілді.

Соңғы жаңалықтар