Мәдина Әбілқасымова теңге бағамының өзгеруін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова теңге бағамының өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Теңгенің айырбас бағамы бірінші кезекте іргелі факторларға, мұнай бағасының өзгеруіне байланысты. Соңғы аптада әлемнің алпауыт елдері арасындағы сауда текетіресінің күшеюі тұрғысында нарықтағы мұнай бағасының тиісті төмендеуі байқалды. Сәйкесінше, көптеген дамушы нарықтардың валюталарына тиісті деңгейде әсер етті», - деді М. Әбілқасымова Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап беріп.

Ол елімізде теңгенің еркін бағамы режимі қалыптасқанын еске салды.

«Теңгенің бағамына ықпал ететін іргелі факторларға қарай бағамның өзгеруі әлсіреу немесе нығаю жағына қарай болады. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныс та теңге бағамына әсерін тигізеді. Осы орайда аталған бағыттағы жағдайды тыңғылықты бақылап отырмыз», - деді ҰБ төрағасының орынбасары.

Еске сала кетсек, 12 наурызда ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын.

Ол 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді.

Соңғы жаңалықтар