+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Мәдина Әбілқасымова: Сыннан қорытынды шығарамыз

2019 жылғы 12 ақпан 12:18
Бөлісіңіз:
Мәдина Әбілқасымова: Сыннан қорытынды шығарамыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өзіне қатысты барлық сыннан қорытынды шығаратындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің алдына шыққан министрден ең алдымен "Қоғамдағы наразылыққа байланысты отставкаға кетесіз бе?" деген сауал қойылған еді. Алайда министр тіке қойылған сұрақтан жалтара жауап беріп, сыннан қорытынды шығаратындығын айтып ақталды.

"Біз сынды естіп тұрамыз. Ең бастысы, бұл сыннан қорытынды шығарамыз. Жағдайды барынша жақсартуға тырысамыз. Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады", - деді ол.

Сонымен қатар, министр ҚР Үкіметінің жанынан құрылған ел азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы аясында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше қарастырылатындығын айтты.

"Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, келіп жатқан барлық ұсыныстарды жинап жатырмыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сол арқылы арнайы есебін шығаруда. Барлық талаптарды жинаудамыз. Атқарушы органдарға ғана емес біздің министрлікке де көпбала аналар келіп жатыр. Бүгін де кездесу болады. Ұсыныстардың барлығын жұмыс тобы аясында шешуге тырысамыз",- деді М.Әбілқасымова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT