Мәдина Әбілқасымова міндетті автосақтандыруға қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова міндетті автосақтандыру бойынша икемді тарифтеу тетігін енгізуге түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

«Заң жобасының екінші бағыты сақтандыру саласын одан әрі цифрландыру арқылы сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігіне арттыру. 2009 жылдан бастап көлік иелері міндетті сақтандыру шартын онлайн режимде жасай алады. Қазіргі уақытта бұл шарттардың 100 пайызы электронды түрде жасалады. Цифрландырудың келесі кезеңі - сақтандыру оқиғаларын онлайн реттеуді енегізу», - деп тоқталды Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, кез келген адам сақтандыру ұйымдарының кеңсесіне бармай-ақ сақтандандыру оқиғасы туралы өтінім жіберуден бастап, сақтандыру төлемін алуға дейінгі барлық қызметтер жиынтығын ала алады.

«Заң жобасының маңызды жаңалығы – міндетті автосақтандыру бойынша икемді тарифтеу тетігін енгізу. Қолданыстағы сақтандыру тарифтері заңнамалық тұрғыдан 2007 жылы белгіленді және сол кезден бері жаңартылған жоқ. Икемді тарифтеу жүйесі Қазақстан өңірлері бойынша нақты болатын апаттарды ескереді және сақтандыру тарифтерін автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді», - деді агенттік басшысы.


Соңғы жаңалықтар