Мәдина Әбілқасымова кез келген мәселені шеше алады - вице-министр Жақыпова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова экс-министр Мәдина Әбілқасымованың жаңа қызметке тағайындалғанын журналистерден естіді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, бұл мәселенің бүгінгі тақырыпқа еш қатысы жоқ. Дегенмен, жеке ойыма келсек, менің бұрынғы бастығым кел келген міндетті шеше алады. Оның кәсіби біліктілігі жоғары. Сондықтан бәрі сәтті болсын деп тілеймін», - деді С.Жақыпова журналистерге берген сұxбатында.

Оның ойынша, экс-министр Мәдина Әбілқасымова ҚР Ұлттық экономика министрлігінде отырса, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз ұстанымын жеріне жеткізіп, дәлелдей алады. Себебі М.Әбілқасымова осы саланы жақсы біледі. Әсіресе, әлеуметтік жәрдемақыларды көтеру бойынша екі министрліктің арасында өзара түсіністік болады.

Айта кетейік, бүгін ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Ол 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған болатын.

Соңғы жаңалықтар