Мәдина Әбілқасымова: ЕАЭО аясында бірыңғай валютаны енгізу талқыланған емес

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова ЕАЭО-ның бірыңғай валютасы «алтынды» енгізу туралы тараған қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ешқашан бұл мәселе талқыланбағанын және қандай да бір бірыңғай валютаны енгізу күнтәртібінде тұрмағанын Ұлттық банктің атынан ресми түрде мәлімдей аламын», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол ЕАЭО-ға мүше әрбір ел ақша-несиелік саясаты мәселелерінде дербес екенін атап өтті.

«Атап айтқанда, ЕАЭО аясында әрбір ел өзінің ұлттық валютасын иемденіп отыр және өзінің тәуелсіздігі бар. Сәйкесінше, осы мемлекеттердің өзіндік ақша-несиелік саясаты жүргізіледі», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Соңғы жаңалықтар