+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мәдина Әбілқасымова: Бірыңғай жиынтық төлем - салықтың жаңа түрі емес

2018 жылғы 20 қыркүйек 15:01
Бөлісіңіз:
Мәдина Әбілқасымова: Бірыңғай жиынтық төлем - салықтың жаңа түрі емес

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Алматыда өткен жиын барысында өзін өзі жұмыспен қамтушыларға арналған бірыңғай жиынтық төлем жүйесін енгізудің тиімді тұстарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай жиынтық төлем - салықтың жаңа түрі емес. Бұл төрт салық түрі: жеке табыс, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына, зейнетақы қорына аударылатын төлемдерді бір мезгілде төлеу тетігі болып табылады. Бұған Қазақстан тұрғындарының барлығы міндеттеледі. Бірақ, өзін өзі жұмыспен қамтушылар еңбек келісімшарты жоқ болғандықтан, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендіктен халықтың біраз бөлігі әлеуметтік қамту мен сақтандыру, зейнетақымен қамту жүйесіне енбей қалды», - деді министр.

Министр заң қабылданған жағдайда бюджетке түсетін шығындардың есептелгенін айтты.

«Шартты түрде шығын көлемі жылына 2 млрд теңгенің көлемінде деп есептелген. 5 жылда 10 млрд теңге шамасында қаржы кетеді», - деді ол.

Айта кету керек, Қазақстанда өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандардың жұмысын заңдастыру үшін арнайы салық режимі - бірыңғай жинақ төлемін енгізу қолға алынған.

2019 жылы бұл төлем көлемі 1 АЕК - 2525 теңге болмақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арайлым Жолдасбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT