Мәдина Әбілқасымова басқа қызметке тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Есжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Еске сала кетсек, 12 наурызда ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын.

Ол 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді.

Соңғы жаңалықтар