Мәдина Әбілқасымова 200 теңгелік монетаны шығарудың қажеттігін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова 200 теңгелік монетаны шығарудың қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен, бұл ақша купюраларының ескіріп бара жатуымен байланысты. Сонымен бірге, бұның бәрі тозып қалған купюраларды ауыстыру үшін қолға алынған шаруа. 200 теңгелік купюра ең көп қолданылады әрі қолма-қол айналымда ең көп кездеседі. Қолданыстан жылдам шығып қалмауы үшін монета шығару туралы шешім қабылданды», - деді Мәдина Әбілқасымова Сенат отырысынан кейін тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары жуық арада басқа монеталарды шығару көзделіп отырмағанын айтып өтті.

Еске сала кетсек, 2020 жылы Ұлттық банк 200 теңгелік монеталарды шығаруды жоспарлап отырғаны жуырда хабарланған болатын. Төменгі номиналды ақшалардың қызмет ету мерзімін ұлғайту үшін осындай шешім қабылданған. 200 теңгелік банкноттар алдағы 1-1,5 жылда қолданыстан алынады. Әзірге 200 теңгелік номиналды банкноттар заңды төлем ретінде пайдаланыла береді.

Соңғы жаңалықтар