Мәди Такиев жеке табыс салығының прогрессивті шкаласына қатысты: Талқылаулар ашық жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізуге қатынысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық экономика министрлігінде аталған мәселені пысықтау бойынша жұмыс тобы құрылуда. Оның құрамына Парламент депутаттары, «Атамекен» ҰКП мен салалық министрлік өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері кіреді», - деді М. Тәкиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, ставкалар мен прогрессивті шкала шегі ашық түрде талқыланатын болады.

«Бұл бағыттағы жұмыстар енді ғана басталып жатқанын ескере отырып, табыстар шкаласы мөлшері мен ставкалар әзірленген жоқ. Осы тұрғыдағы ұсыныстар қоғамда ашық түрде талқыланатын болады. Барлық нақты ақпаратты жұмыс тобы жариялайды», - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізу керектігін айтты.



Соңғы жаңалықтар