Мәди Тәкиев ҚР Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәди Тәкиев ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Мәди Төкешұлы 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Алматы қаласының және Алматы облысының Салық департаментінде жұмыс істеген.

2012-2013 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басқарма басшысы.

2013-2014 жылдары - Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.

Соңғы жаңалықтар