Мадейрада қаза тапқан туристердің басым бөлігі - Германия азаматтары

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Португалиядағы Мадейра аралында автобус апатынан қаза тапқан 28 туристің басым бөлігі Германия азаматтары болған.Бұл туралы сәрсенбі күні португальдық SIC телеарнасы хабарлады.

Оның деректері бойынша, мерт болғандардың 11-і ер адам, ал 17-сі әйел.

Автобус Германиядан туристерді әкеле жатқан.

Бұдан бұрын 9 Германия азаматының қаза тапқандығы туралы хабарланған еді.

Жергілікті биліктің деректеріне қарағанда, аввтобуста 50 адам болған. Апат жергілікті уақытпен 18:50-де орын алды. Зардап шеккендер таяу маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар