Мәдениетіміз бен дәстүрімізде Алтын орданың мұрасы бар – Дәурен Абаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алтын орданың 750 жылдығын тойлау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау арқылы біз мемлекеттігіміздің тууын атап өттік. Мемлекеттік тақыр жерден пайда болды деуге болмайды. Қазақ этносы да 550 жыл бұрын пайда болған жоқ. Беделді тарихшылар қазақ халқының этногенезінің Алтын орда кезеңінде қалыптасқанын айтады. Жошы ұлысының басым бөлігі қазіргі Қазақстанның аумағында орналасқан. Керей мен Жәнібектен бастап, Кенесарыға дейінгі барлық хандарымыз дәл алтынордалық Шыңғыс ұрпақтарынан тараған. Біздің мәдениетіміз, өнеріміз бен дәстүрімізде Алтын орданың мұрасы бар. Бұл анық. Мұнда тарих көкжиегін қолдан кеңейту жоқ, керісінше тарихты дұрыс бағамдауға тырысып жатырмыз», - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында Алтын орданың 750 жылдығын тойлауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар