+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Мәдениет және спорт вице-министрі букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілінді

2021 жылғы 26 ақпан 16:29
Бөлісіңіз:
Мәдениет және спорт вице-министрі букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында мемлекетке 1,7 миллиард теңге залал келтірген қылмыстық топ анықталды Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

«Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол букмекерлік қызмет саласы мүддесіне лоббиі мен жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлға құрылтайшысынан пара алу күдігіне ілінді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров брифинг барысында.

Оның айтуынша, сот санкциясымен пара алушы мен пара берген күдікті қамауға алынды.

«Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды», - деді Данияр Бекайдаров.

Айта кетейік, жақында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Еске салсақ, Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков 2020 жылы мамырда ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT