Мәдениет және спорт министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АшықНҚА порталында жарияланған құжатта көрсетілгендей, енді Мәдениет және спорт министрлігіне мына функциялар беріледі:

- мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады және ол туралы ережені бекітеді;

- мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді;

- архив және кітапхана ісі, геральдика салаларындағы ұлттық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарды, сыйлықтар мен жүлделерді тағайындайды;

- халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді;

- бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ҚР аумағында өткізілетін республикалық, облыстық және халықаралық спорттық жарыстарды медальдармен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;

- Республикалық ономастикалық комиссия құрады;

- Кинемотография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрады;

- туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;

- лотерея операторын және оған лоторея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды.

Үкімет қаулысы 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.


Соңғы жаңалықтар