Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің басшысы қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Майнюра Мырзамадиева ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Мырзамадиева Майнюра Саветқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген ақпаратта.

Мырзамадиева бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде АҚШ-та, Ұлыбританияда жұмыс істеді. 2007-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-дың Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болды.

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетін 2017 жылдың сәуір айынан басқарды.

Соңғы жаңалықтар